Бокс

Жәнібек Әлімxанұлын атақты Майк Тайсонның бапкері жаттықтырады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімxанұлы атақты Майк Тайсонның бұрынғы бапкері, әйгілі Бадди Макгриттың
қол астында жаттығады, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.
Головкиннің салмағында өнер көрсететін Жәнібекті енді атақты бапкер Бадди Макгрит жаттықтыратын болады. Бадди уақытында атақты кәсіпқой боксшылардың бірі болған. Ол шаршы алаңдағы 73 жеңістің 48-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ атақты Тайсон, Артуро Гатти, Брайн Митчел сынды боксшылардың бапкері болған. Бадди Маркгрит отандасымыз әр жекпе-жекке дайындап, бірге жұмыс істейді. Отандасымыз жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Жаттығу базасы Калифорния штаты, Нортриджда орналасқан.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 2 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Ол соңғы кездесуін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Ислам — Кук арасындағы жекпе-жектің андеркартында өтті. Ол бразиялық Жильберту Перейра дос Сантоспен (14-5-0) 6 раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс