Басқалары

Никита Филиппов Прагадағы жарыста қола жүлдегер атанды

Чехия астанасы Прага қаласында дәстүрлі Йозеф Одложил мемориалы өтті. Бұл жарыс халықаралық European Athletics Classic Permit Meetings турнирінің бір сериясы болып саналады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан 26 жастағы сырықпен секіруші Никита Филиппов қатысты. Аталған сайыс түрінен Филипповтен бөлек, Украина, Ұлыбритания, Чехия және бейтарап спортшы ретінде қатысқан Ресей атлеттері болды. 

Никита жарысты 5,15 метрмен бастады. Одан кейінгі мүмкіндіктерінде 5,30 және 5,45 метрді бағындырды. Бұдан соң, 5,55 және 5,60 метрге ұмытылып көргенімен сәтсіз шықты. Сөйтіп, қазақстандық спортшы чехиялық Михаил Балнермен бірге қола жүлдеге ие болды. Екеуінің де үздік көрсеткіші – 5,45 метр.

Ал бірінші орын Францияның Монбельяр қаласындағы турнирдің чемпионы атанған украиналық Владислав Малыхинге бұйырды. Екінші орынға британиялық Адам Хейг тұрақтады.

Прага. Йозеф Одложил Мемориалы. Сырықпен секіру.

Ерлер:

1.     Владислав Малыхин (Украина) – 5.55 м

2.     Адам Хейг (Ұлыбритания) – 5.55 м

3.     Никита Филиппов (Қазақстан) – 5.45 м

3.     Михал Балнер (Чехия) – 5.45 м

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары