Футбол

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

Астанада өткен жолдастық ойында біздің футболшылар Әзірбайжан құрамасын 3:0 есебімен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойынның 12-минутында Бауыржан Исламханның айып соққысынан көтерген пасына бірінші болып секірген Роман Муртазаев есеп ашты.

Екі минут өткен соң сол қапталдан шабуыл ұйымдастырған Шомко мен Муртазаев жұбы әзірбайжандықтардың қорғанысын бұзып өтіп, Серік Мужиковке пас қалдырды. Өз кезегінде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы – Роман Муртазаев.

Жылдам соғылған екі голдан кейін бізідң футболшылар қарқынын сәл бәсеңдетіп, қорғанысқа көңіл бөлді. Әзірбайжан ойыншылары сол қапталмен бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Алайда, үзіліске дейін есеп өзгермеді – 2:0.

Он бес минуттық демалыстан соң Әзірбайжан құрамасының бас бапкері Гурбан Гурбанов алаңға бірден екі футболшысын шығарды. Алайда, қонақтардың есеп айырмасын қысқартуы мүмкін болмады. Қазақстан құрамасының қорғаушылары қорғаныста жинақы ойнады.

Екінші таймның ортасында алаңға шыққан Бактиер Зайнутдинов қақпаға үш рет соққы бағыттады. Алыстан тепкен алғашқы соққысы қақпадан сәл қисық кетті. Бірнеше минуттан соң құлап жатып допты қақпаға ұрды. Сәл сәттілік жетіспеді.

Ойынның соңында Бактиер Зайнутдинов айып алаңының бұрышынан қақпаның тоғыздығын дәл көздеді. Әзірбайжан қақпашысы Камран Агаев оның соққысын қайтаруға қауқарсыз болды.

Қорытынды есеп – 3:0. Қазақстан құрамасы Әзірбайжаннан басым түсті.

Қазақстан — Әзірбайжан – 3:0 (2:0).

Голдар: Роман Муртазаев 12 (1:0), Серікжан Мужиков 14 (2:0), Бактиер Зайнутдинов 90 (3:0).

Ескерту: Еркебұлан Тұңғышбаев, 48, Георгий Жуков, 90+2, – Тамкин Халилзаде, 35.

Қазақстан: Ненад Эрич, Сергей Малый, Дмитрий Шомко (к) (Ғафуржан Сүйімбаев, 52), Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Серікжан Мужиков (Бактиер Зайнутдинов, 64), Бауыржан Исламхан (Роман Вороговский, 89), Исламбек Қуат (Юрий Логвиненко, 68), Еркебұлан Тұңғышбаев (Георгий Жуков, 53), Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (Бауыржан Тұрысбек, 82).

Бас бапкер: Станимир Стоилов.

Әзірбайжан: Камран Агаев (к), Гара Гараев, Максим Медведев, Араз Абдуллаев (Намик Аласкаров, 63), Руслан Гурбанов (Рамиль Шейдаев, 72), Дмитрий Назаров (Джошгун Диниев, 46), Руслан Абышов (Рахиль Маммадов, 73), Джавид Гусейнов (Джавид Имамвердиев, 63), Тамкин Халилзаде, Махир Мадатов, Ильгар Гурбанов (Урфан Аббасов, 46).

Бас бапкер: Гурбан Гурбанов.

Төрешілер: Александр Тян, Андрей Бордян, Виктор Мардари (барлығы — Молдова). Резерв төреші: Дмитрий Мунтян (Молдова).

05.06.2018. Астана, «Астана Арена» стадионы. 22 500 жанкүйер.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Футбол