Бокс

Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Ұлыбританияда өтетін бокс кешінде сынға түсетін Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Отандасымыз бен венгриялық Золтан Шабо (23-11, 14 КО) жартылай жеңіл салмақ 67 келіні көрсетті.
Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс