Бокс

Данияр Елеусіновтің қарсыласы өзгерді

Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы өзгерді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегінде венгриялық Габор Горбичке (24-11 14KO) қарсы жұдырықтасу қажет болған. Алайда Горбич жаттығу барысында жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты. 

Оның орнына Венгрия елінің тағы бір өкілі Золтан Шабо (23-11, 14 КО) есімді боксшы шаршы алаңға шығады. 24-жастағы Шабо кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін 2016 жылы қараша айында өткізген.  34 жекпе-жек өткізген Шабо оның 23-інде жеңіске жетсе, 11 кездесуінде ұтылған. 

Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс