Соңғы жаңалықтар

Талғат Байсуфинов: Тең есеп — заңдылық

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов Әзірбайжанмен өткен ойын туралы өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

– Тең есеп – заңдылық. Екінші таймда жақсы ойнадық. Голды пенальтиден салдық. Басқа да мүмкіндіктер болды. Гол соғатын сәттерді пайдалана алмау – басты кемшілік. Біздің ойын әртүрлі бөліктен тұрды. Кейін футболшылармен бірге талдайтын боламыз. Біздің ойыншылар үшін қиындау болғаны анық. Өйткені, екі күн ішінде тез дайындық жүргіздік. Тактикалық дайындық жоспары бойынша екі жартылай қорғаушы Юрий Перцух пен Ринат Жұматовты пайдаланғымыз келген. Сондай-ақ қарсыласымыз да біздің ойын жүйемізді жақсы зерттеп тастапты. Қапталдағы қорғаушыларын шабуылға араластырып отырды. Жоспарымызды жүзеге асыруға уақыт бар. Келесі ойын 8 маусым күні өтеді. Бірінші лиганың 1998 жылғы футболшыларынан құралған Қазақстан құрамасы қарсылас атанады. Олар келесі іріктеу кезеңіне қатысады. Біздің командадағы 1998 және 1999 жылғы футболшыларды сол құраманы күшейту үшін береміз. Іріктеу кезеңін аяқтайтын және бастайтын командалардың ойынын қарау қызықты болмақ, — деп келтіреді Талғат Байсуфиновтың сөзін ҚФФ баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар