Бокс

«QazSport» арнасы бокстан ҚР Президенті Кубогын көрсетеді

«QazSport» телеарнасы бокстан ҚР Президенті Кубогын тікелей эфирде көрсетеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

2018 жылдың 5-11 маусым аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы өтеді.

Президент Кубогы додасына қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен бөлек 12 елден келген боксшылар өзара мықтыны анықтайды.

Бұл додада ерлер 10 салмақ санатында шаршы алаңға шықса ал, қыздар арасында 4 салмақ дәрежесі бойынша (51 кг, 57 кг, 60 кг, 75 кг дейін) өзара мықтыны анықтайтын болады. 

Көрсетілімдер кестесі:

6 маусым

12:45. Бокс. LIVE

7 маусым

12:45. Бокс. LIVE

8  маусым

12:45. ¼ финал. LIVE 

9 маусым

12:45. Жартылай финал. LIVE

10 маусым

12:45. Финал.LIVE

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс