Бокс

Данияр Елеусінов Гиясовтың бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

Кәсіпқой боксқа жаңадан ауысқан Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Boxrec.com сайтына сілтеме жасап. 

Кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегінде Шахром Гиясовтың бұрынғы қарсыласы болған боксшымен кездеседі. Рио Олимпиадасының чемпионы венгриялық Габор Горбичке (24-11 14KO) қарсы жекпе-жек өткізеді. Рио Олимпиадасының финалында отандасымызға есе жіберген Гиясов Горбичтпен жұдырықтасып, кәсіпқой бокстағы 2 жеңісіне қол жеткізген болатын. 

Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс