Футбол

Зидан: Дәл қазір басқа команданың тізгінін ұстамаймын

Gazzetta

Испаниялық «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Зинедин Зидан әзірге басқа клубты жаттықтырмайтынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Маусым барасында көптеген қиындықтар мен сәтсіздіктер болды. Алайда жанкүйерлер ешқашан бізден кері айналған емес.

Клуб алдына үлкен мақсат қояды. Ойыншыларға да өзгеріс қажет. Командада қалу қиын болатын еді. Егер ары қарай жұмысымды жалғастыра берсем, жеңіске жету қиындай түседі.

Дәл қазір басқа команданың тізгінін ұстамаймын. Тіпті, ұсыныстарды қарастырып жатқан жоқпын», – деп келтіреді Зиданның сөзін шетелдік басылымдар.

Зинедин Зидан бүгін испаниялық «Реал Мадрид» командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.

2015/16 жылғы маусымның ортасында  «Реалдың» тізгінін ұстаған француздық маман өз еркімен бапкерлік қызметтен кетті. Бұл туралы Зидан бүгінгі арнайы баспасөз-мәслихатында ресми түрде мәлімдеді

Естеріңізге сала кетейік, Зинедин Зидан «Реал Мадрид» командасының бапкерлік қызметіне 2016 жылдың 4 қаңтарында келген болатын. Ол командамен бірге қатарынан үш маусымда Чемпиондар лигасын ұтып, Чемпиондар лигасының тарихында рекорд орнатқан. Сондай-ақ, Зиданның басқаруымен «Реал» Испания чемпионатын, ел Суперкубогын, екі мәрте УЕФА Суперкубогын және екі рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Жалпы есептегенде Зиданның жаттықтыруымен «Реал Мадрид» 9 жүлдеге қол жеткізді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Футбол