Басқалары

Altay athletics клубының спортшылары «Гауһар лигаға» қатысады

Бүгін Италия астанасы Рим қаласында «Гауһар лиганың» кезекті кезеңі өтеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Рим – «Гауһар лиганың» 2018 жылғы маусымындағы төртінші кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде жеңіл атлеттер 13 сайыс түрінен сынға түседі (8 сайыс ерлер арасында, бесеуі әйелдер арасында). Әйелдер биіктікке секіру, диск лалқтыру, 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Ерлер 100,400, 800, 1 500 метрге жүгіру, 400 тосқауылдар арқылы жүгіру, сырықпен секіру, диск лақтырудан сынға түседі.

Әйелдер арасындағы стипль-чез яғни 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстанның Altay athletics клубының мүшелері, кениялық Нора Джеруто  мен Дэйзи Джипкемей қатысады. Жалпы, бұл сайыс түрінен 21 спортшы бақ сынайды. Олардың арасында 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Хивин Киенг Джепкемой (Кения), 2017 жылғы әлем чемпионы Эмма Кобурн (АҚШ), 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Хабиба Гриби (Тунис) бар. Осындай жоғары бәсекелестіктің арқасында бұл сайыс түрі көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Римдегі «Гауһар лига» жергілікті уақыт бойынша 20:23-те басталады (Астана уақыты бойынша – 00:23).

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары