Негізгі жаңалықтар

Усэйн Болт норвегиялық командамен бірге жаттығып жүр

Ямайкалық жеңіл атлет 2017 жылы Лондонда өткен әлем чемпионатынан соң мансабын аяқтаған

Даңқты жеңіл атлет Усэйн Болтқа норвегиялық «Стремсгодсет» клубының сапында жаттығу жұмыстарын өткізді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бұл туралы «Стремсгодсет» футбол клубының Твиттердегі парақшасында мәлімдеді. 

«Стремсгодсет» клубы Норвегияның астанасы Ослодан 40 шақырым жердегі Драммен қаласында орналасқан. Команда басшылығы Усэйн Болтқа 9,58 нөмірі берді. 

Болт 10 маусым күні Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында өтетін Unicef қайырымдылық матчына дайындалып жатыр. Сондай-ақ ол «Стремсгодсет» сапында Норвегия жастар құрамасына қарсы жолдастық ойынға қатысады.

Айта кетейік, Усэйн Болт соңғы он жылдықта қысқа қашықтықта ешкімге дес бермеді. 30 жастағы ямайкалық атлет Пекин (2008), Лондон (2012) және Рио (2016) Олимпиадаларында 100 және 200 метрлік жекелей сында алтын медаль жеңіп алған. 100 метрлік бәсекедегі әлемдік рекордтың да иесі — Усэйн Болт (9,58 секунд, 2009 ж). Ал 200 метрлік бәсекедегі рекорды —  19,19 секунд (2009 ж). 

Ямайкалық жеңіл атлет 2017 жылы тамыз айында Лондонда өткен әлем чемпионатынан соң мансабын аяқтаған болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Негізгі жаңалықтар