Футбол

Қазақстан УЕФА рейтингінде маусымды 28 орында аяқтады

Қазақстан Норвегия, Словакия және Венгрия елдерінің қауымдастықтарын басып озды

УЕФА-ның ресми сайтында 2017/2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша клубтық турнирлердің рейтингі жарияланды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Қазақстан Норвегия, Словакия және Венгрия елдерінің қауымдастықтарын басып озып, 28 орынды иеленді.

Біздің клубтардың жалпы жинаған ұпайы — 18.125. 2016/2017 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан 15.250 ұпаймен 29 орынды иеленген еді.

«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 21.750 ұпай жинап, УЕФА-ның клубтық рейтингінде 67 орынды алды. 2016/2017 жылдың қорытындысы бойынша елордалық клуб 51 сатыға төмен болған еді – 118 орын (13.750 ұпай).   

Айта кетейік, коэффициент елдің барлық клубтарының Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының соңғы бес маусымдағы нәтижелерінің негізінде құралады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Футбол