Негізгі жаңалықтар

Зинедин Зидан «Реал Мадридтегі» бапкерлік қызметінен кетті

«Реалдың» тізгінін ұстаған француздық маман өз еркімен бапкерлік қызметтен кетті

Испаниялық «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Зинедин Зидан бапкерлік қызметінен кетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Championat.com сайтына сілтеме жасап. 

2015/16 жылғы маусымның ортасында  «Реалдың» тізгінін ұстаған француздық маман өз еркімен бапкерлік қызметтен кетті. Бұл туралы Зидан бүгінгі арнайы баспасөз-мәслихатында ресми түрде мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Зинедин Зидан «Реал Мадрид» командасының бапкерлік қызметіне 2016 жылдың 4 қаңтарында келген болатын. Ол командамен бірге қатарынан үш маусымда Чемпиондар лигасын ұтып, Чемпиондар лигасының тарихында рекорд орнатқан. Сондай-ақ, Зиданның басқаруымен «Реал» Испания чемпионатын, ел Суперкубогын, екі мәрте УЕФА Суперкубогын және екі рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Жалпы есептегенде Зиданның жаттықтыруымен «Реал Мадрид» 9 жүлдеге қол жеткізді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Негізгі жаңалықтар