Ережесіз жекпе-жек

UFC-дің кастингіне шақырту алған қазақстандық спортшыларға виза берілмеді

Шахмарал Жетпісов пен Зәмзәгүл Файзолланова виза ала алмады

Әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-дің кастингіне шақырту алған қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары Шахмарал Жетпісов пен Зәмзәгүл Файзолланова виза ала алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

The Ultimate Fighter 28 реалити шоуының кастингіне қатысуға ресми шақырту алған Шахмарал Жетпісов пен Зəмзəгүл Файзоллановаға виза берілмеді. Alash Pride клубының спортшылары виза мəселелерін шеше алмауына байланысты UFC-дің кастингіне қатыса алмайтын болды. Бірақ виза мəселесі шешілсе кастингке қатысуға әлі де мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, «Алаш прайд» клубыны еліміздегі ең мықты спорт клубтардың бірі. Команда құрамында Арман Оспанов, Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев сынды спортшылар бар.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек