Ережесіз жекпе-жек

Данияр Қасқарауов: Арман тік тұрып төбелесудің хас шебері

Данияр Қасқарауов Әшімовтің жеңіліске ұшырауы туралы өз ойымен бөлісті

Alash Pride клубының президенті Данияр Қасқарауов M-1 Challenge 92 турнирінде чемпиондық атаққа таласқан Арман Әшімовтің жарақаты туралы Qsport.kz порталына өз ойымен бөлісті. 

Данияр Қасқарауов Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімовтің  украиналық Доскальчукке қарсы жекпе-жекте қолынан жарақат алып, жеңіліске ұшырауы туралы өз ойымен бөлісті.

«– Арманның жарақаты 2 раундта қолға ауырту әдісінен сытылып шығып, жасаған жойққын соққысынан болды. Соққысы қарсыласына емес, жерге тиді. Қолы сол кезде жарақаттанды. Жалпы Арман тік тұрып төбелесудің хас шебері. Бірақ ММА спортында жан-жақты болуың керек. Мен Арманның өзіне, Асылжанға, Евгений Егембердиевке де күресті дамыту керектігін айтқанмын», – деді Данияр Қасқарауов.

Айта кетейік, Арман Әшімов M-1 Challenge 92 турнирінде Александр Доскальчукке қарсы жекпе-жек өткізіп, жарақатына байланысты жеңіліске ұшыраған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек