Басқалары

Қазақстандық жас спортшы картинг спортынан халықаралық жарыста жүлделі болды

Картинг – кез келген жаста қатысуға болатын, автоспорт түрлерінің бірі болып саналады

Бақберген Мирманов жастар арасындағы картинг  жарыстарында  ел  намысын  әлемдік аренада қорғап жүрген жалғыз спортшы. Жақында ол  Қазанда қаласында  өткен жарыста екінші орынға ие болды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Квалификациялық кезеңде Бақберген Lada Sport командасының өкілі Артем Северюхиннан 3 секунд қана қалып қойып екінші орынға тұрақталған болатын. Дәл осы уақытқа ол  Lada Sport командасының екінші автожүргізушісі Максим Орловты артқа тастады. Осылайша үш спортшы екінші кезеңге алдыңғы қатардан орын алып, жарыс жолына шықты. Бұл жерде де осы үштік өз орындарын сақтап қалды.

— Lada Sport командасының қос спортшысының ортасында жүріп екінші орын деген біз үшін жақсы көрсеткіш. Оның үстіне біз 3 ай үзілістен кейін шығып тұрмыз. Алда әлі көптеген жарыстар бар, солардан жақсы нәтиже күтеміз, — деп Бақбергеннің әкесі және бапкері  Мақсат Мирманов өз ойымен бөлісті.

Бақберген Мирманов картингпен 2011 жылдан бастап, 6 жасынан айналысып келеді. Осы уақыт  аралығында тек ел чемпионаты емес, шет елдерде өтетін жарыстарда да бағын сынап жүрді. Осы жылдын басында Италияда  өткен WSK біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетіп көзге түскен болатын. Ол Италияда өтетін беделді жарыстарға 2017-ші жылдан бастап қатысты.

Картинг – кез келген жаста қатысуға болатын, автоспорт түрлерінің бірі болып саналады. Бұл Формула-1 сынды үлкен спортқа жолдама беретін спорттың бастамасы. Көптеген танымал Формулы-1 спортшылары, әлем чемпиондары Михаэль Шумахер, Айртон Сенна, Мика Хаккинен, Фернандо Алонсо, Себастьян Феттель өз мансаптарын осы спорттан бастаған.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары