Басқалары

Елдос Жұмақанов әлемнің ең үздік 10 балуанының қатарында

IJF Қытайда өткен әлемдік Гран-при кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты

Елдос Жүмақанов Қытайда өткен әлемдік Grand Prix турнирінен кейінгі жаңартылған рейтингінде ең үздік 10 балуанның қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран-при кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, жарыста І орын алған дзюдошы 700 ұпай, ІІ орын алған дзюдошы 490 ұпай, ІІІ орын алған дзюдошылар 350 ұпайға ие болған. 66 келіде жарыстың қола жүлдегері атанған Елдос Жұмақанов 2797 ұпай жинап, әлемдік рейтингте 10 орынға жайғасқан. Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан:

(1-50): 60 кг: Ғұсман Қырғызбаев – 7 (3501) 
Елдос Сметов – 11 (2523) 
66 кг: Елдос Жұмақанов – 10 (2797) 
73 кг: Жансай Смағұлов – 9 (2668) 
90 кг: Ислам Бозбаев – 12 (2372) 
-100 кг: Виктор Демьяненко – 38 (961)

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары