Басқалары

Елдос Сметов әлемдік рейтингте 10 сатыға жоғарлады

Елдос Сметов жаңа рейтингте 21-ші орыннан 11-ші орынға көтерілді

Рио Олимпиадасының күміс жүлегері Елдос Сметов Қытайда өткен әлемдік Grand Prix турнирінен кейінгі жаңартылған рейтингінде жоғары көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран-при кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, жарыста І орын алған дзюдошы 700 ұпай, ІІ орын алған дзюдошы 490 ұпай, ІІІ орын алған дзюдошылар 350 ұпайға ие болады. Жарыс чемпионы атанған Елдос Сметов жаңа рейтингте 21-ші орыннан 11-ші орынға көтерілсе, осы жарыста күміс жүлдеге ие болған Ғұсман Қырғызбаев өзінің 7 орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Хух-Хото қаласында өткен Grand Prix турнирде алтынға таласқан болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары