Негізгі жаңалықтар

«Ертіс» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшыға еліміздегі ең титулды клубты жаңа деңгейге жеткізуді тапсырды

Павлодар облысы футбол федерациясының президенті Ұлан Жазылбек «Ертіс» футбол клубының директорын таныстырды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдағы уақытта «Ертіс» клубының директоры міндетін атқарушы қызметін Торсықбаев Ардақ Қайырлыұлы атқаратын болады. Ол Жанайдар Дүйсембаевтың орнына келді.

Жаңа басшыға еліміздегі ең титулды клубты жаңа деңгейге жеткізуді тапсырды. Әрі осы маусымда Премьер Лигада үздік үштіктен орын алуды міндеттеді.

Айта кетейік, «Ертіс» футбол клубының бас директоры Жанайдар Дүйсембаев 10 мамыр күні уақытша қызметінен шеттетілді. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Негізгі жаңалықтар