Ережесіз жекпе-жек

Бейбіт Назаровтың кезекті жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Бейбіт Назаровтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Kunlun Fight және WAFC Pankration тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Бейбіт Назаров сегізбұрыштағы кезекті жекпе-жегін  29 маусым күні Titan FC 50 турнирінде өткізеді. АҚШ еліндегі белді тұжырымдардың бірі саналатын ұйымда отандасымыз бразилиялық  Рафаэль Алвеспен (16-9) жекпе-жекке шығады.

Айта кетейік, Бейбіт Назаров сегізбұрышта 15 жекпе-жек өткізіп, 13 кездесуде жеңіске жеткен болатын. Отандасымыз соңғы екі жекпе-жегін АҚШ елінде Titan FC тұжырымында сынға түсіп, қарсыластарынан басым түскен. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек