Бокс

Батыр Жүкембаев BoxRec рейтингінде үздік 40 боксшының қатарына кірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық атағын жеңіп алғаннан соң BoxRec рейтингінде 15 сатыға көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында жұдырықтасқан Батыр Жүкембаев шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз тартысқа толы өткен кездесуде Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымының күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизді  (20-9-1, 7 КО) 7 раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBC ұйымының Америка аймағы бойынша вакантты белбеуін иеленді.

Осылайша, алғашқы чемпиондық белбеуіне қол жеткізген Батыр Жүкембаев BoxRec рейтингінде 48- орыннан 33-сатыға көтерілді. 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Батыр соңғы кездесуінде мексикалық Ное Нунезді 30 секундта ұрып сұлатқан еді. Ал оның қарсыласы Хосе Эниз кәсіпқой бокста 30 кездесу өткізіп, оның 20 кездесуінде жеңіске жеткен екен. Қалған 9 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс