Бокс

Нұрзат Сабыров мексикалық нокаутерді тұқыртты

Нұрзат Сабыров мексикалық нокаутер Роландо Парадэстың мысын басты

Мексикалық нокаутермен қолғап түйістірген Нұрзат Сабыров жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нұрзат Сабыров пен мексикалық нокаутер Роландо Парадэс (13-6-2, 10 КО) мысын басты. Канада елінде өткен Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасқан отандасымыз 6 раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бұл кездесуде жартылай ауыр салмақта өткізді.

Айта кетейік, бұл Нұрзаттың шаршы алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен жеңген болатын.  Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісі.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс