Бокс

Садриддин Ахмедов қарсыласын 1 раундта ұрып сұлатты

Бокс кеші Канада елінде өтті

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын 1 раундта нокаутқа жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Канада елінде өткен бокс кешінде жұдырықтасқан «Қазақ сарбазы» аргентиналық боксшы Ариэл Алехандро Зампедримен (9-3-0, 7 КО) қолғап түйістірді. Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында сынға түскен отандасымыз қарсыласын алғашқы раундта-ақ жойқын соққысымен ұрып сұлатып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Осылайша, Ахмедов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатқан болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс