Басқалары

Виноградова мен Шыназбекова Тайбэйде жүлде іліге алмады

Тайбэйдегі жеңіл атлетикадан ашық чемпионат өтіп жатыр

Қазақстандық жеңіл атлеттер Анастасия Виноградова мен Әйгерім Шыназбекова Тайбэйдегі ашық чемпионатқа қатысты, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген спортшылар тиісінше төртінші және алтыншы орынға тұрақтады.

Іріктеу кезеңінде 27 спортшы жүгірді. Жергілікті спортшылардан бөлек, 2017 жылғы Азия чемпионы Чон Хелим (Корея), еліміздің екі спортшысы және Гонгонгтан келген Луи Лаи Ю болды.

Бірінші раундтан қазақстандық атлеттер сәтті өтті. Іріктеу кезеңінде ЧонХелим (13,27 сек.), Виноградова (13,53), Шыназбекова (13,60) алғашқы үштікті қорытындылады. Одан кейінгі орындарға Луи Лаи Ю (13,60) мен жарыс қожайыны Хси Ен Хсиеш (13,61) орналасты.

Финалда іріктеуге қатысқан 2015 жылғы Панамерика чемпионы Квин Харрисон (АҚШ) жүгірді. Спортшының жеке рекорды – 12,43 секунд.

Алғашқы 50 метрлік қашықтықта Квинге Чон Хелим бәсекелестік таңытқан. Бірақ америкалық жылдамдығын арттырғанда, кореялық атлет 0,43 секундқа ұтылып қалды.

Отандастарымыз жүлдеге таласқанымен, соңғы сәтте Луи Лаи Ю-ды алға жіберіп алды.

Тайбэйдегі ашық чемпионат. 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру. Финал.

Әйелдер:

1. Квин Харрисон (АҚШ) – 12,88 сек.

2. Чон Хелим (Корея) – 13,31 сек.

3. Луи Лаи Ю (Гонконг) – 13,47 сек.

4. Анастасия Виноградова (Қазақстан) – 13,52 сек.

5. Хси Ен Хсиеш (Тайбэй) – 13,52 сек.

6.Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) – 13,54 сек.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары