Бокс

«Астана арландары» финалда «Cuba Domadores» командасымен кездеседі

Олар жартылай финалда British Lionhearts командасын жеңді

Атырауда бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы «Астана арландары» мен British Lionhearts командалары арасындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Жайық» спорт кешенінде «Астана арландары» — British Lionhearts  арасындағы қарымта кездесу өтті. Алғашқы жекпе-жекте 52 келі салмақта жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов қарсыласы Уилл Коулиге 1:2 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кездесуде Серік Теміржанов таразы басын теңестірді. Зәкір Сайфуллиннің орнына шыққан Серік Калум Френчтен айласын асырды. 69 келіде Асланбек Шымбергенов қарсыласы Карл Фэйлдің тас-талқанын шығарды. 81 келіде Бек Нұрмағанбет және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев та қарасыластарын оңай ұтты.

Финалда «Астана арландары» кубалық «Cuba Domadores» командасымен кездеседі.

Айта кетейік, «Астана арландары» British Lionhearts командасына қарсы өткізген алғашқы кездесуінде 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша қос кездесудің нәтижесі бойынша 7:3 есебімен «Астананың арландары» ақтық кезеңіне жолдама алды. 
Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс