Негізгі жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас бапкері: Құрамда үлкен бір өзгерістер болмайды

Қазақстан мен Әзірбайжан Ұлттық құрамалары 5 маусым күні Астана қаласында күш сынасады

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Астана қаласында өтетін Әзірбайжанға қарсы кездесуге шығатын құрам туралы айтып берді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Қазіргі уақытта Әзірбайжанға қарсы матчқа қажет ойыншыларды таңдап жатырмыз. Көп уақытымыз жоқ. Ұлттық құраманың алғашқы жаттығу жиынына дейін аптадан аз уақыт қалды. Құрамда үлкен бір өзгерістер болмайтыны анық, — деп келтіреді Станимир Стоилов сөзін Әзірбайжан елінің спорттық АzeriSport порталы .

Қазақстан Ұлттық құрамасы 5 маусым күні Астана қаласындағы «Астана арена» стадионында Әзірбайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Сондай-ақ бір күн бұрын Қазақстан мен Әзірбайжан жастар құрамалары да жолдастық матч ойнайды. 

Бұған дейін Станимир Стоилов БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы ойынға жоспарымен бөліскен еді. Сонымен қатар, Әзірбайжан құрамасы Астанаға әкелетін құрамын жариялаған болатын.

Естеріңізде болса, наурыз айында  «Астана» командасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған болатын.  Болгариялық маман екі жылдық келісімшартқа отырып, жаңа қызметіне жақында кірісетін болды.  Станимир Стойлов Қазақстанда 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен елордалық «Астана» төрт мәрте ел чемпионы атанды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Негізгі жаңалықтар