Басқалары

Қазақстандық атлет Тайбэйде қола жүлдені иеленді

Мария Овчинникова алдағы Джакартада өтетін Азия ойындарындағы бас жүлдеден үміткер

Getty Images

Тайбэйдегі ашық чемпионатта үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы бәсеке аса тартысты өтті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдағы Джакартада өтетін Азия ойындарындағы бас жүлдеден үміткер – Паринья Чуаймароенг (Таиланд), Тхи Мен Ву (Вьетнам) және Мария Овчинникова (Қазақстан) жарыс көрігін қыздырды.

Соңғы жылдары сары құрлықта үш қарғып секіруден Ольга Рыпаковадан өзге ешкім 14 метрге секірмеген еді. Таи қызы Паринья Тайбэйге жақсы дайындықпен келіпті. Ол 13.30 метрден бастап, 14,17 метрге дейін жеткізді. Ал жерлесіміз Овчинникова алты мүмкіндіктің екеуін ғана дұрыс пайдаланды. Көрсеткіші – 13.15 және 13.26 метр. Сөйтіп, оған қола медаль бұйырды. Алғашқы халықаралық жарыс үшін Мария үшін жаман нәтиже емес. Вьетнамдық атлет Тхи Мен Ву 13.57 метрмен екінші орынға тұрақтады.  

Тайбэйдегі ашық чемпионат. Үш қарғып секіру.

Әйелдер:

1. Паринья Чуаймароенг – (Таиланд) 14.17 метр;

2. Тхи Мен Ву (Вьетнам) – 13.57 метр;

3. Мария Овчинникова (Қазақстан) – 13.26 метр.

Айта кетейік, бұған дейін ядро серпуден ұлттық құраманың көшбасшысы Иван Иванов Тайбэйде өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары