Бокс

«Астананың арландары» – финалда!

Жартылай финалда «Астана арландары» British Lionhearts командасын жеңді

Атырауда бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы «Астана арландары» мен British Lionhearts командалары арасындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Жайық» спорт кешенінде «Астана арландары» — British Lionhearts  арасындағы қарымта кездесу өтті. Алғашқы жекпе-жекте 52 келі салмақта жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов қарсыласы Уилл Коулиге 1:2 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кездесуде Серік Теміржанов таразы басын теңестірді. Зәкір Сайфуллиннің орнына шыққан Серік Калум Френчтен айласын асырды. 69 келіде Асланбек Шымбергенов қарсыласы Карл Фэйлдің тас-талқанын шығарды. 81 келіде Бек Нұрмағанбет және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев та қарасыластарын оңай ұтты.

Айта кетейік, «Астана арландары» British Lionhearts командасына қарсы өткізген алғашқы кездесуінде 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша қос кездесудің нәтижесі бойынша 7:3 есебімен «Астананың арландары» ақтық кезеңіне жолдама алды. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс