5 сәуір, Жексенбі

«Реал» — «Ливерпуль»: Кімнің бағы жанады?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін әлемнің назары Украинаның астанасы Киевке ауады. Себебі түнде «Реал» мен «Ливерпуль» Еуропаның үздік клубы атану үшін жасыл алаңда күш сынасады, – деп жазады Qsport.kz порталы.

26 мамыр күні Чемпиондар лигасының ақтық сынында бақ сынасатын командалар Украина астанасы Киевтегі «Олимпийский» стадионында кездеседі. Футбол жанкүйерлері асыға күткен финалға «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» кәрі құрлықтың басты додасының жүлдесін сарапқа салмақ.

Осы күнге дейін «Реал» өз тарихында 15 рет финалға шығып  12-інде жеңіске жетcе, «Ливерпуль» командасы 7 рет финалға шығып 5 мәрте жеңімпаздар қатарында болды.

Мадридтік «Реал» бұл ойында Чемпиондар лигасын қатарынан үш мәрте жеңімпазы атануға мүмкіндік алса, «мерсисайдтықтар» 11 жылдан кейін еурокубоктердің финалына шығып отыр.

Елімізде Чемпиондар Лигасының финалын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтың басталуы Астана уақытымен 00:45-те.

Айта кетейік, бұған дейін «Реал Мадрид» мен «Ливерпульдің» финалда ойнайтын құрамын жариялаған болатын. Назарларыңызға турнирге қатысатын екі клубтың құрамаларымен таныстырсақ: 

«Реал Мадрид»:

Қақпашылар:  Кейлор Навас, Кико Касилья, Лука Зидан;

Қорғаушылар: Даниэль Карвахаль, Хесус Вальехо, Серхио Рамос, Рафаэль Варан, Начо Фернандес, Марсело, Тео Эрнандес, Ашраф Хакими;

Жартылай қорғаушылар: Тони Кроос, Лука Модрич, Каземиро, Маркос Льоренте, Марко Асенсио, Иско, Матео Ковачич, Даниэль Себальос;

Шабуылшылар: Криштиану Роналду, Карим Бензема, Гарет Бейл, Лукас Васкес, Борха Майораль.

«Ливерпуль»:

Қақпашылар: Лорис Кариус, Дэнни Уорд, Симон Миньоле;

Қорғаушылар: Натаниэль Клайн, Виргил ван Дейк, Деян Ловрен, Рагнар Клаван, Альберто Морено, Эндрю Робертсон, Трент Александер-Арнолд, Натаниэль Филлипс;

Жартылай қорғаушылар: Джорджиньо Вейналдум, Джеймс Милнер, Джордан Хендерсон, Адам Лаллана, Эмре Джан, Кертис Джонс;

Шабуылшылар:  Роберто Фирмино, Мохамед Салах, Садио Мане, Дэнни Ингз, Доминик Соланке, Бен Вудбёрн, Рафаэль Камачо.

Бөлісу

Пікір жазу