Басқалары

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде қарсылас шақ келтірмеді

Иван Иванов Тайбэйде өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды

Ядро серпуден ұлттық құрама көшбасшысы Иван Иванов Тайбэйде өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп

Қазақстаннан төрт спортшы барған еді. Иван Ивановтан бөлек, Анастасия Виноградова, Әйгерім Шыназбекова және Мария Овчинникова бар. Оларды бас бапкер Григорий Егоров бастап барды. Жалпы, ядро серпуге Қазақстан, Жапония, Таиланд, Филиппин және Тайбэй елінен 13 спортшы келді.

Иван соңғы рет ақпан айында жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысқан. Сол кезде жарақат алып, жүлдеден тыс қалған. Одан бері жерлесіміз ешқандай сайыста бақ сынаған жоқ.

Алматы облысының атлеті алты мүмкіндігін де толық пайданды. Ең алысқа сермегені – 18.90 метр. Екінші орынға жергілікті спортшы Чанг Мин Хуан тұрақтады (18.17 метр). Қола медаль жапониялық Шиничи Якунага бұйырды.

Тайбэйдегі ашық чемпионат. Ядро серпу. 

Ерлер:

1. Иван Иванов (Казахстан) – 18.90 метров;

2. Чанг Мин Хуан (Тайбэй) – 18.17 метров;

3. Шиничи Якунага (Япония) – 17.09 метров

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары