Басқалары

Елдос Жұмақанов Гран-при турнирдің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы соңғы белдесуінде ресейлік Абдулла Абдижалиловті «юко» ұпайымен жеңді

Елдос Жұмақанов Қытайда өтіп жатқан әлемдік Grand Prix турнирде қола жүлде жеңіп алды, – деп хабарлайды   Qsport.kz порталы.

Елдос Жұмақанов Қытайдың Хух-Хото қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды.66 келіде сынға түскен  отандасымыз алғашқы айналымда АҚШ балуанын, екінші кезеңде Иран спортшысы Алиреза Хожатэхті жеңді. Дегенмен өз тобындағы шешуші сында неміс балуаны Себастьян Сейдлға есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде қытайлық спортшыны тізе бүктірген Жұмақанов қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды. Қола жүлде үшін белдесуде отандасымыз ресейлік Абдулла Абдижалиловті «юко» ұпайымен жеңіп, дүбірлі доданың қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, бүгін 60 келіде сынға түскен қазақ балуандары – Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев турнирдің алтын және күміс жүлдегерлері атанған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары