Футбол

Қазақстан Кубогы. Жартылай финалдың жеребесі тартылды

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының штаб-кеңсесінде 2018 жылғы Қазақстан Республикасының 1/2 финалының жеребесі тартылды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов шараның құрметті қонағы болды. Болгариялық маман финалға берілетін жолдамаға таласатын жұптарды анықтады:

«Шахтер» — «Атырау»

«Қайрат» — «Ертіс»

Жеребе тарту рәсімінде Қазақстан Кубогының финалдық матчындағы командалардың орналасу реті анықталды. «Шахтер» — «Атырау» жұбының жеңімпазы шешуші ойынның шартты алаң иесі атанады.

Айта кетейік, Қазақстан Кубогының жартылай кезеңі екі кездесуден тұрады. Алғашқы матч 14 маусым күні бірінші көрсетліген командалардың алаңында өтеді. Қарымта ойын 27 маусымға белгіленген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Футбол