Басқалары

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Grand Prix турнирдің алтынына таласады

Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Қытайда өтіп жатқан әлемдік Grand Prix турнирдің финалында белдеседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Хух-Хото қаласындағы Grand Prix турнирінің ақтық айқасында белдеседі. 60 келіде сынға түскен отандастарымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, ақтық айқаста қос қазақ кездесетін болды. Сметов жартылай финалда тәжірибелі бразилиялық Фелиппен Фелимді тізе бүктірсе, Қырғызбаев маңғол Амартувст Дашдаваның мысын басты.

Айта кетейік, сондай-ақ 66 келіде сынға түскен Елдос Жұмаханов қола жүлде үшін белдеседі.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары