Ережесіз жекпе-жек

Арман Әшімов жарақатына байланысты жеңіліске ұшырады

«Мұстафа Өзтүрік» мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов украиналық Александр Доскальчукке жарақатына байланысты есе жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов украиналық Доскальчукпен M-1 Global тұжырымының толыққанды чемпиондық атағын сарапқа салап, жарақатына байланысты жеңіліске ұшырады. Санкт-Петербург қаласында өткен M-1 Challenge 92 турнирінің басты кездесуінде жұдырықтасқан отандасымыздың 2 раундта қолы сынып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша украиналық спортшы чемпиондық атағын қорғап қалды.

Айта кетейік, Арман Әшімов  M-1 Global тұжырымының белбеуін иеленген алғашқы қазақ. Отандасымыз әлемнің ең үздік тұжырымдарының қатарына кіретін ұйымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған болатын. Ал украиналық Доскальчук сегізбұрышта 9 жекпе-жек өткізіп, тек 1 рет қана жеңілген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек