Футбол

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалистері белгілі болды

Ел кубогында сайысқа түсетін ең үздік төрт команда анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алған команалар белгілі болды. Алматылық «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы матчтың тағдыры пенальтиде шешілді. Негізгі ойынды тең аяқтаған алматылықтар пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетсе, «Атырау» мен «Тобыл» арасындағы матчта 2:1 есебімен «мұнайшылар» жеңіске жетті. Сондай-ақ «Ертіс» пен «Шахтер» де өз мықтылығын көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, енді жартылай финалға жолдама алған команалар арасында жеребе тартылып, ақтық сынға жолдама үшін ойнайтын командалар анықталады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Футбол