Ережесіз жекпе-жек

Арман Әшімов пен Александр Доскальчук ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов пен украиналық Александр Доскальчук ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов украиналық Доскальчукпен M-1 Global тұжырымының толыққанды чемпиондық атағын сарапқа салатын жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. Санкт-Петербор қаласында өтетін M-1 Challenge 92 турнирінің басты кездесуінде жұдырықтасатын қос спортшы да 56 келіні көрсетті.

Айта кетейік, Арман Әшімов  M-1 Global тұжырымының белбеуін иеленген алғашқы қазақ. Отандасымыз әлемнің ең үздік тұжырымдарының қатарына кіретін ұйымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған болатын. Ал украиналық Доскальчук сегізбұрышта 9 жекпе-жек өткізіп, тек 1 рет қана жеңілген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек