Басқалары

Каратэден Еуропа чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 жүлдені қанжығалады

Польшаның Ланцут қаласында Киокушинкай каратэ WKB-ден (World Kyokushin Budokai) екінші Еуропа чемпионаты өтті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста сәтті өнер көрсетті.  Бұл балалар мен ересектер  арасындағы чемпионаттың нәтижесінде Қазақстан  құрамасы 10  жүлдені қанжығаға байлады.  Илья Нам (8-9 жас, 25 кг)  алтынан алқа тақса, Тахауи Жарасбаев (10-11 жас, 50 кг) күміспен күптелді. Ал Михаил Лаврентьевке (18+, 70 кг) , Нұрали Мұратов (8-9 жас, 25 кг), Марк Зуев (30 кг), Жолжасбек Ахмедакжан (8-9 жас, 35 кг), Жансезім Асылханқызы (8-9 жас), Дәурен Молдабаев (16-17 жас, 70 кг), Александр Яковенко (18+, 65 кг), Эркинбек Ахмадалиевтарға  (35-39 жас, 85 кг) қола жүлде бұйырды.  

Сонымен қатар Марк Зуев пен Михаил Лаврентьев үздік техника мен көрсетілімде озып шықты. Ал толықконтакты каратэ Федерациясының басшысы  Эркинбек Ахмадалиев  «Турнирдің үздік спорттық төрешісі» номинациясы бойынша марапатталды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары