Футбол

Путин Назарбаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды

Kursiv.kz

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты солтүстік көрші елде өтетін әлем чемпионатына шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен. Тілдесу барысында мемлекет басшылары екі жақтық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылаған. Бұдан бөлек Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Мәскеу қаласында өтетін 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына шақырған.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты маусым айының 14-і күні Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында өтеді. 2018 жылғы әлем чемпионатының шымылдығын жарыс қожайыны Ресей мен Сауд Арабия құрамалары ашады. Дүбірлі дода бір айға созылмақ.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Футбол