Ережесіз жекпе-жек

Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымындағы ең үздік 10 спортшының қатарында

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымының жаңартылған рейтингінде үздік 10 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең үздік тұжырымдардың бірінде сынға түсетін Асылжан «САҚ» Бақытжанұлы ұйымның жаңартылған рейтингінде үздік 10 спортшының қатарында тұр. АСВ 86 турнирінде жеңіліске ұшыраған отандасымыз бірден 6-сатыға төмендеп, 10-орынға жайғасқан. Ауыр салмақта жұдырықтасатын Асылжанның салмағында чемпион ресейлік Довлетжан Ягшимурадов болса, көш тізгінін Батраз Агнаев  бастап тұр.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымдағы соңғы кездесуінде Муслим Магомедовқа есе жіберіп, спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек