Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға қарсы ойнайтын Әзірбайжан құрамасы белгілі болды

Футболдан Әзірбайжан құрамасының бас бапкері Гурбан Гурбанов алдағы оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық матчтарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, –  деп хабарлайды  Qsport.kz порталы ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірбайжан құрамасы 23 мамыр мен 2 маусым аралығында Баку қаласында, 3 маусым мен 6 маусым аралығында Астана (Қазақстан) қаласында және 7 және 9 маусым аралығында Рига (Латвия) қаласында жаттығу жасайды. Бұл уақыт аралығында Гурбановтың тәлімгерлеі Қырғызстан (29 мамыр), Қазақстан (5 маусым) және Латвия (9 маусым) құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді. 

Бұл жаттығу жиындарына 27 футболшы шақырту алған: 

Қақпашылар: Кямран Агаев («Кешля»), Анар Назиров («Зиря»), Салахат Агаев («Нефтчи»);

Қорғаушылар: Максим Медведев, Бадави Гусейнов (екеуі де — «Карабах»), Руслан Абышов («Нефтчи»), Урфан Аббасов, Ильгар Гурбанов, (екеуі де — «Габала»), Славик Алхасов («Кешля»), Рахиль Мамедов («Сабаил»), Уфук Будак («Самсунспор», Туркия), Павел Пашаев («Александрия», Украина);

Жартылай қорғаушылар: Гара Гараев, Джошгун Диниев, Ричард Алмейда (барлығы — «Карабах»), Намик Алсекеров, Эмин Махмудов, Рахман Гаджиев (барлығы — «Нефтчи»), Джавид Имамвердиев («Сумгаит»), Джавид Гусейнов, Тамкин Халилзаде («Габала»), Араз Абдуллаев («Анортосис», Кипр), Дмитрий Назаров («Ауэ», Германия);

Шабуылшылар: Руслан Гурбанов («Габала»), Амиль Юнанов («Сумгаит»), Махир Мадатов, Рамиль Шейдаев (екеуі де — «Карабах»).

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 5 маусым күні, «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын 22:00-де басталады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар