Бокс

Жанқош Тұраровтың кезекті жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі тамыз айында өтуі мүмкін. Бұл туралы боксшы өзінің инстаграмдағы тікелей эфирінде айтты. 

«– Келесі жекпе-жегімді тамыз айынды өткізуім мүмкін. Қазір осы мәселеге байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Нақты кіммен жұдырықтасатыным әлі белгісіз, бірақ қарсыласым жеңіліп көрмеген боксшы болары анық», – деді Жанқош.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні, Астана қаласында аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйге (21-5-0, 18 КО) қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Бұл отандасымыздың 22-жеңісі. Әлі жеңіліс дәмін татып көрмеген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс