Басқалары

Қазақстандық каратэші ресейлік әлем чемпионын тұқыртты

Қазақстандық каратэші Мерей Сүйінов ресейлік әлем чемпионымен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Каратэден әлем чемпионы əлем чемпионы Мерей Сүйінов Ресейдің Благовещенск қаласында каратэ-киокушинкайдан чемпиондар сайысына түсіп, жеңіске жетті. Отандасымыз каратэден әлем чемпионы Ярослав Малозевпен жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз Амурдағы чемпиондар сайысының белбеуін қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Мерей Сүйінов каратэден талай байрақты бәсекеде топ жарған. Бірақ чемпиондық белбеуге бірінші рет қол жеткізіп отыр.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары