Соңғы жаңалықтар

Месси бесінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды

«Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси 2017/18 маусымының «Алтын бутсиін» жеңіп алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әлемнің үздік футболшыларының бірі осы маусымның басты сұрмергені атанып, «Алтын бутси» иегері атанды. Аргентиналық футболшы Испания чемпионатында өткізген 36 матчта 34 гол соққан. 68 ұпай жинаған Месси «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахтан (АПЛ 36 матчында 32 гол) төрт ұпайға басып озған. Ал үшінші орында Гарри Кейн (АПЛ 37 матчында 30 гол) иеленді.

Айта кетейік, Лионель Месси 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанған болатын.

 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар