Басқалары

Мейрамбек Айнағұлов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Мейрамбек Айнағұлов Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Ақтық айқасқа дейін ешкімге дес бермеген Мейрамбек Айнағұловты төрешілер жергілікті балуан Санал Семенов жығып беріп, алтын жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырған еді. 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін белдесіп, қарсыласы белорусиялық Алиевті айқын басымдылықпен ұтты. Қарсыласына бірде-бір ұпай бермеген Мейрамбек небәрі бір минуттың ішінде жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз әскерилер арасында екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, сондай-ақ 55 келідегі Аманғали Бекболатов әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі. Бұл кездесуде де төрешілер отандасымыздың қарсыласына жығып берді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары