Бокс

Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында кімдер топ жарды?

Бүгін бокстан әйелдер арасындағы ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Астанада өткен дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен 76 бұрымды боксшы қыз қатысып, өзара мықтыны анықтады. Дегенмен құрама сапындағы әлемдік аренада топ жарып жүрген қыздарымыз Қазақстанда да  теңдессіз екенін көрсетті. 10 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста жалпыкомандалық есепте Астана қаласы көш бастаса, Алматы  қаласы екінші орынға ие болды. Ал 2 алтын 3 қола медаль еншілеген Ақмола облысы үздік үштікке жайғасты. Енді бұл чемпионатта топ жарған боксшыларымыз Азия ойындары мен әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

2018 жылғы ел чемпионатының жеңімпаздары:

48 кг
Алтын — Әйгерім Қасенаева (Ақмола облысы)
Күміс — Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы)
Қола — Ақерке Құсайынова (Алматы), Алина Тұрлыбаева (Павлодар)

51 кг
Алтын — Назым Қызайбай (Алматы облысы)
Күміс — Жайна Шекербекова (ОҚО)
Қола – Дариға Пішеншинова (ШҚО), Ангелина Лукас (ОҚО)

54 кг
Алтын — Дина Жоламан (Ақмола облысы)
Күміс – Аида Тұяқбай (ОҚО)
Қола – Рано Пархатова (Алматы), Балауса Мұздиман (Алматы облысы)

57 кг
Алтын — Сания Сұлтанқызы (Астана)
Күміс — Назым Ищанова (Атырау облысы)
Қола — Владислава Кухта (Қостанай), Дәметкен Келімбет (Қызылорда)

60 кг
Алтын — Римма Волосенко (Астана)
Күміс — Айжан Қожабекова (Қарағанды облысы)
Қола — Жанна Баскаева (Маңғыстау облысы), Карина Ибрагимова (Ақмола облысы)

64 кг
Алтын — Милана Сафронова (Қарағанды облысы)
Күміс — Мәдина Нұршаева (ОҚО)
Қола — Сандуғаш Әбілхан (Тараз), Ләйлә Құсайынова (Тараз)

69 кг
Алтын — Ақерке Бақытжан (Қызылорда облысы)
Күміс — Баян Ақбаева (Алматы облысы)
Қола — Шынар Юлдашева (Атырау), Әлия Әбдірайымова (Астана)

75 кг
Алтын — Дариға Шәкімова (Алматы облысы)
Күміс — Аида Оңдаш (Қызылорда)
Қола — Салтанат Естаева (ОҚО), Сания Әлжанова (Ақтау)

81 кг
Алтын — Фариза Шолтай (ОҚО)
Күміс — Анастасия Рылина (Қостанай облысы)
Қола — Мөлдір Базарбаева (Ақмола облысы), Алтын Мұқышбекова (Астана)

+ 81 кг
Алтын — Ләззәт Күнгейбаева (Астана)
Күміс — Умида Садықова (Алматы облысы)
Қола — Ақбота Исағұлова (Қарағанды), Надира Маратова (Алматы облысы)

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс