Басқалары

Мейрамбек Айнағұловты төрешілер жергілікті балуанға жығып берді

Мейрамбек Айнағұлов Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ресейлік балуанға есе жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

 Ақтық айқасқа дейін ешкімге дес бермеген Мейрамбек Айнағұловты төрешілер жергілікті балуан Санал Семенов жығып берді. Отандасымыздың таза жасаған 4 ұпайлық әдісіне тек қана 2 ұпай беріп, орынсыз ескертулер арқылық жергілікті балуанның ұпайын арттырып отырды. Осылайша 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымызды төрешілер алтын жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырды.

Айта кетейік, Мейрабек Айнағұлов 2016 жылы әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары