Басқалары

Әлем чемпионатында белдесетін Қазақстан құрамасы белгілі болды

Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында өтетін әлем чемпионатында сынға түсетін балуандарымыз белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

17-19 мамыр күні Ресей астанасы Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында өтетін әлем чемпионатында белдесетін Қазақстан құрамасы анықталды. Грек-рим күресінен сынға түсетін балуандарымыздан 55 келіде ел намысын Аманғали Бекболатов қорғаса, 63 келі салмақты  Мейрамбек Айнағулов белдесетін болады. Данияр Қаленов  67 келіде сынға түссе, Ибрагим Магомадов 72 келіде, Мақсат Ережепов 77 келі салмақта, Асхат Ділмұхамедов 82 келіде белдессе, Олжас Сырлыбай 97 келі салмақта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Мейрабек Айнағұлов 2016 жылы әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары