Бокс

«Астана арландары» — British Lionhearts ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясында кездесетін «Астана арландары» — British Lionhearts жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

17 мамыр күні Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында өтетін бокс кешінде өнер көрсететін қос команданың құрамы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. 75 келіде Əбілхан Аманқұлға қарсы жұдырықтасатын Уиттакер Бенжаминнің орнына Джордан Рейнольдс шығатын болды. Қос команда арасындағы кездесуді ертең «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 мамыр күні, Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс