Бокс

Мэнни Пакьяо: Мейвезермен қарымта кездесу өткізгім келеді

Филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) кіші Флойд Мейвезермен қарымта кездесу өткізгісі келетінін айтты, – деп Qsport.kz порталы Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо Флойд Мейвезердің шаршы алаңға қайта оралатынына сенетінін айтып, қарымта кездесу өткізуді қалайтынын мәлімдеді.

«Әлбетте, Мейвезермен қарымта кездесу өткізіп, қайта жұдырықтасқым келеді. Ол шаршы алаңға қайта оралса, екеуміз тағы да шаршы алаңда кездесеміз деп ойлаймын. Бірақ қазіргі басты мақсатым – Лукас Матистің (39-4, 36 КО) мысын басу. Бұл мен үшін үлкен сынақ болары сөзсіз» деді Пакьяо.

Айта кетейік, Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер 2015 жылы кездесіп, филиппиндік боксшының жеңілісімен аяқталған еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс