Бокс

«Астана арландары» — British Lionhearts кездесуін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

«Хабар» арнасы «Астана арландары» мен British Lionhearts арасында болатын жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы телеарнаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясында кездесетін қос командалар арасындағы кездесуді жанкүйерлер «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. «Астана арландары» — British Lionhearts арасындағы алғашқы кездесу 17 мамыр күні, Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында өтеді. Жекпе-жекті «Хабар» арнасы 17 мамыр күні, сағат 01:00-де көрсететін болады.

Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 мамыр күні, Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс